Институт мировой экономики и политики
при Фонде Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации
Архив старого сайта с 2004 по 2010 гг. Алматы, Каз
C -1..-3
Курсы НБРК на
$
P
prodengi.kz
Поиск по сайту

Журнал "Казахстан в глобальных процессах"

Макроиндикаторы

Основные показатели социально-экономического развития Республики Казахстан за январь – март 2013 года
Итоги социально-экономического развития Республики Казахстан в январе-декабре 2012 года
Итоги социально-экономического развития Республики Казахстан за 2011 год

Наши партнеры





Шекаралық өңірлер мәселесі

14 ноября 2013, 14:52

Сұлтан Әкімбеков, ИМЭП

 

Қазақстан мен Ресей президенттерiнің Екатеринбургтегі қарашалық кездесуі тәрізді, «Ресей-Қазақстан» шекаралық өңірлерінің форумдарын өткізу тәжiрибесі бiздiң елдер арасындағы екiжақты қарым-қатынастарды дамытудың өте ыңғайлы түрі екендігін көрсетуде. Әсiресе мемлекет басшыларының соңғы уақыттағы кездесулері жиі көпжақты ынтымақтастық форматымен байланысты өтіп жүр. Бұл ретте Кеден одағы, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, тiптi Санкт-Петербургтегі G-20 саммиттерiн атауға болады.

Қарым-қатынастарды дамытудың екiжақты форматы өз өзектiлiгiн сақтап келеді. Бұл, өзіндік «сағат салыстыру» мүмкiндiгi, бiр жағынан, мемлекетаралық байланыстардың ерекше сипатын көрсетсе, екінші жағынан тараптардың ұстанымдарын айқындауға жол ашады. Бұл ретте, іс-шаралар барысындағы әдетте хаттамалық сипат алатын оқиғалар емес, бірақ кездесудің контексті анағұрлым қызықтырақ екендігі белгілі.

Мысалы, өткен жылы 18 қыркүйектегі Павлодардағы форум жұмысының алдында, ресейлiк тараптың интеграция үдерісіндегі соңғы бастамаларына қатысты Қазақстанда бiрнеше маңызды мәлiмдемелер жасалған болатын. Сол кезде, форум қарсаңында, ресейлiк өкiлдер еуразиялық парламент туралы, ортақ валюта енгiзу туралы және т.б. пікірлер айтқан еді. Мұнымен бірге, ресейлiк зияткерлiк қауымдастық тарапынан қазақстандық жұртшылық пiкiрiне Ресеймен интеграцияны ары қарай тереңдетудің баламасыздығына иландыру мақсатымен пәрменді қысым көрсетіле бастаған еді.

Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясының сол кездегі хатшысы Ерлан Қариннің 2012 жылы 19 қыркүйекте «Время» газетінде еуразиялық парламенттің құрылмайтындығы, себебі оның құрылуы Қазақстанның егемендiгiне қауіп төндіретіндігі жөніндегі сөйлеген сөзі ресейлiк тарап үшiн әбден күтпеген жайт болғаны даусыз. Бұл туралы президент кеңесшiсi Ермұхамет Ертiсбаев пен сенатор Ғани Қасымов айта бастаған кезде, Қазақстан ресейлiк әрiптестеріне болуы мүмкiн интеграцияның шектерi туралы кесімді ескерту жасағаны түсінікті болды.

Артынша, президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл ықпалдасудың, бірінші кезекте, экономикалық бірлестік екендігін мәлiмдедi. Мұнан кейiн, Еуразиялық одақ құру жобасы бірыңғай экономикалық мағынада айтыла бастады.

Қаринның алғашқы мәлiмдемесi Ресейде әлсіз қарсылықтарға жолыққанына қарамастан, Мәскеуде Қазақстанға қысым көрсету саясатының келешегi жоқ екендігін түсiнді, және еуразиялық парламент туралы сұрақ күн тәртiбiнен алынып тасталды. Бiрақ, айтарлықтай қатардағы оқиға – 2012 жылғы Павлодарлық форум, сөз жоқ, тап осы мәселеге байланысты тарихтан өз орын алды.

Форумда Ресейден Қазақстанға және керi қарайғы ыңғайласпа мұнай жеткiзілімдері, Қазақстанда АвтоВазбен бiрлескен автомобильдiк зауыт ашу, сонымен бiрге бірқатар аймақтық жобаларды іске қосу сұрақтары талқыланды. Шынында, сол тақырыптар осы жолы Екатеринбургте де талқыға түсіп, тараптар Өскеменде жылына 120 мың ресейлiк машина қуаты бар, толық өндiрiстiк циклді зауыт құрылысы жөнінде келісімге келді. Оған қоса, Қытайға 7 млн. тонна көлемінде ресейлiк мұнай транзиты туралы келiсiмге қол қойылды. Бұл ретте, аталмыш мұнайға экспорттық баж салығын «Роснефть» төлейтіндігі атап өтілді.

 

Шикізат инесі

Егер мұнай экспортқа Ресейден шығарылса, онда баж салығын экспорттаушы төлеу керек екендігі мәлім. Жағдайдың шиеленістігі, аталған 7 млн. тонна мұнай көлемі Қазақстан мен Ресей арасында ұзақ уақыт қызу пiкiрталас тақырыбына айналғандығымен байланысты еді. Қазақстандық тарапты жылына 7 млн. тонна көлемінде Павлодар мұнай өңдеу зауытына келіп түсуі керек мұнай жеткiзілімдері алаңдатса, Ресейді осы мұнайға экспорттық баж төлеу сұрағы мазалады.

Ресейлiк тарап «Қазмұнайгаз» кен орындарынан ыңғайласпа мұнай жеткiзілімдері туралы мәселе көтерген болатын. Яғни, әңгіме iс жүзiнде әр түрлi орындарда мұнай көлемдерiнің айырбасы – тауар айырбасы (своп) туралы болып отыр. Бiрақ мәселе, баж салығы экспорт орын алатындықтан бәрiбір пайда болатындығымен байланысты еді. Мысалы, егер ресейлiк оператор алынған 7 млн. тонна қазақстандық мұнайды Ресейдiң iшiнде пайдаланар болса, онда ресейлiк бюджет өз баж салығын жоғалтар едi.

Демек, ресейлiк оператор мұнайды Қазақстан арқылы экспорттап, баж салығын төлеуі керек болады. Мұндай оператор – бүгінде Павлодарлық зауытқа мұнай жеткiзілімін жүзеге асырып отырған «Роснефть» мемлекеттiк компаниясы болды. Оған, өз кезегiнде Қазақстанның батыс өңірлерінде артық экспорттық көлемдер қажет емес еді. Оның Қытай алдында өз мiндеттемелерi бар болғандықтан, «Роснефть» Қытайға Қазақстан арқылы мұнай жеткiзуді лоббилеген болатын.

Бұл, көп жағынан, Сiбiрдiң кен орындарынан Қиыр Шығысқа және Қытайға қарай бағытталатын ВСТО (Шығыс сiбiр – Тынық мұхиты) мұнай құбырының бас операторы тасымалдау тарифтерін жоғарылату туралы мәселені көтере бастауымен байланысты еді. «Роснефть» үшiн қытайлық Шыңжаңға мұнай жеткізу мүмкiндiгi Қытай алдындағы міндеттемелерді орындау мәселесiнің ұтымды шешiмі болып көрiндi.

Бiрақ, бұл ретте бiрнеше сұрақ туындайды. Бiрiншiден, Атасу-Алашанькоу құбырының қуаты барлығы 10 млн. тонна, максимум 12 млн. тоннаны құрайды. Биылға құбыр бойымен 8,5 млн. тонна мұнай тасымалданды. Тиісінше, «Роснефть-тің» 7 млн. тоннасы оның мүмкiндiктерiнің көп бөлігін жабады. Екiншiден, ақыр аяғында Павлодардағы зауытқа мұнай жеткiзілімдерінің мәселесі қандай шешiм тапқандығы түсiнiксiз. Үшiншiден, «Роснефть» Атасу-Алашанькоу үшiн 7 млн. тонна мұнайды қайдан алатындығымен байланысты.

Шамасы, мұндағы 7 млн. цифрасы үлкен маңызға ие. Дегенмен, тараптар мұнаймен айырбас туралы келісімге қол жеткізді. Сәйкесiнше, Қытайға құбыр бойымен Батыс Қазақстаннан қазақстандық мұнай жеткізілетін болды. Бұл ретте оператор рөлін «Роснефть» атқаратын болады, экспорттық баж салығын да сол төлейдi және Қазақстанның батысынан шығысқа қарай транзит ақысын да «Роснефть» төлейтінге ұқсайды. Қазақстан үшін Павлодарға «Роснефть-тің» кен орындарынан 7 млн. тонна Шығыс Сiбiр мұнайын жеткізілетін болды. «Роснефть-тің» көздеген мақсаты Қытай алдындағы міндеттерін орындау, сонымен бiрге, Қазақстанда 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, ресейлiк компаниялар үшiн орнатылған тасымалдаудағы жеңiлдетілген тарифтерді пайдалану. Одан басқа, бұл жерде шебер есептеулер де болуы мүмкiн. «Роснефть», iс жүзiнде, Ресей аумағы арқылы өтпейтiн, Қазақстаннан шығатын жалғыз құбырдың басты клиентіне айналады.

 

Темір тұлпар туралы

Екатеринбургте қол қойылған жобалар ішінде, Өскеменде автомобилдiк зауыт құрылысының жобасын жүзеге асыру бойынша келiсiм ерекше назар аудартады. Бұл жобаны, Қазақстанда автокөлiктердiң ондаған үлгiлерiн жинақтаумен (отверточная сборка) айналысатын, Бипек-авто компаниясы ұзақ уақыт бойы лоббилеп келеді. 2013 жылы компания 21 мың автокөлiк жасап шығарса, ендi компания 120 мың, соның ішінде Қиыр Шығыс және Сiбiр нарықтары үшiн де, ресейлiк машина өндiрсiн жоспарлауда.

Мұндай өндіріс көлемдері Кедендік одақ, дәлірек айтқанда, автокөлiктер импортына деген тыйым салу баждарының арқасында мүмкiн болып отырғаны анық. Бұл жағдайда, ресейлiк автопром Қазақстан нарығында өз жеткізілімдерін күрт өсіруге мүмкіндік алды. Атап айтқанда, ресейлiк АвтоВаздың 2013 жылғы барлық экспортының 67,9%-ы Қазақстанға тиесілі және өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға өскен. Нақты көлемде бұл 28 мың «Приора» және «Самара» үлгісіндегі машиналар. Ресейдің өзінде компания сатылымдары осы жылы 9,5%-ға азайған.

Өскеменде АвтоВаз зауытын құрастыру жобасы, толығымен «бүгiнгi жағдай ұзақ уақыт сақталады» деген ойға негізделеді. Сондықтан ол 6 млрд. теңге көлемінде мемлекеттiк инвестициялар бөлудi қарастырады. Алайда, Ресейдің өзінде жоғары баждар, iс жүзiнде, автокөлiктер импортын шектеуге жағдай туғызатын суррогат – утилизациялық алыммен алмастырылған. Мұндай алым, Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке қабылданғаннан кейін баж салығын азайту бойынша өз мойнына алған міндеттемелерімен байланысты енгiзілген болатын. Бүгінде, мұндай алымдар тәжірибесін, ДСҰ-ға кіргеннен кейiн, Қазақстанда да пайдалану туралы әңгіме жүруде.

Ресей үшiн бұл көкейкестi мәселе, себебі егер Қазақстан ДСҰ-ға мүше болса, онда бiзге автокөлiктерге баж салығын арзандатуға тура келедi. Бірақ, өз кезегінде, утилизациялық алымдарды да ұзақ уақыт сақтап қалу мүмкiн емес. Назар аударатын жайт, бүгінде ДСҰ шеңберiнде аталмыш алымдарды ұйым шарттарына сәйкес емес деп тану мәселесі бойынша, Ресейге бірқатар еуропалық елдер, бірінші кезекте Германия тарапынан қысым көрсетілуде.

Егер, әдетте Ресей еуропалықтардың үздіксіз қысымына ұзақ уақыт қарсы тұра алмайтындығын, және Германия мен Италия үшiн газ бағасымен байланысты оқиғадағыдай, шегініске баратынын ескерсек, онда Өскемендегі жоба үшiн шиеленісті жағдай қалыптасады. Нарықта бәсекеге төтеп бере алмайтын ескi ресейлiк үлгiлердегі автокөлiктердi өндiру ұзаққа бармайтыны түсінікті. Бiрақ, жобаның әлеуеті, қарапайым түрде, шығынның орнын өтеу үшiн де жетпей қалуы мүмкiн. Оның үстiне, ресейлiк автокөлiктерге ниет білдіру тек КО шеңберiндегі тыйым салу кедергiлерiне ғана негізделеді және олар өз бетімен нарықтағы бәсекеге түсе алмайтыны тағы бар. Сонда қазақстандық мемлекеттiк инвестициялармен не болатыны – үлкен сұрақ.

 

Мәңгілік достық

Екатеринбургте айтарлықтай символикалық оқиға орын алды, Ресей және Қазақстан арасында Достық туралы жаңа келiсiмге қол қойылды. Бұрынғы келiсiм 1992 жылы жасалған және сол кездегi бiздiң елдер арасындағы қарым-қатынастарда маңызды рөл атқарған еді. Бұл Қазақстан үшiн сол кезде әсiресе маңызды болды: келiсiм мемлекетаралық қарым-қатынастарды тең негiзде ресiмдеуге мүмкiндiк туғызды, шекараларды анықтап, мемлекеттiк құрылыс үдерісінің бірқалыпты жүруіне iс жүзiнде кепiлдiк бердi.

Жаңа келiсiм бiздiң елдер үшiн маңызды – бiз әлемдегі ең ұзын шекараға ие көршiлерміз және бұл деректі әрқашан еске ұстауымыз керек. Мұны Қазақстан президентi де атап көрсеттi. Сонымен бiрге, келiсiмнің 10-шы бабы назар аудартады. Онда «саяси егемендiкке қысым көрсетушіліксіз, тең құқықтылық, ерiктiлiк және өзара тиімділік қағидаттары негізінде еуразиялық интеграцияны бекіту мақсатында, тараптар Кеден одағын және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiкті одан әрi нығайтуға мүмкiндiк туғызады» деп айтылған. Егемендiк туралы тезис қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша енгізілгені түсінікті. Бұл мәселе барлық уақытта күн тәртiбiне қойылып келеді, және оның келiсiм мәтінінде пайда болуы аталмыш сұрақтың түйткілдігін бейнелеп көрсеттi. Ресей соңғы кезде пайда болған жайсыздықтарды бәсеңдетуге мүдделі болғандықтан, бұл түзетулерді қабыл алды.

Келiсiмде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы ештеңе айтылмаған. Әңгіме КО мен БЭК және еуразиялық интеграция туралы. Бiрақ бұл әбден түсiнiктi. Достық туралы келiсiм ұзақ уақытқа және Қазақстан мен Ресей екiжақты қарым-қатынастарына байланысты жасалды. ЕАЭО-ның қатысы қанша? Мәселе тіпті де бұл ұйымның жүйесіздігі мен келешегінің жоқтығында емес, бірақ ЕАЭО – айқын тәуекелдері бар ауқымды жоба. Тәуекелдер, атап айтқанда, Беларусь және оның кеңестік үлгідегі ескі экономикасы мен интеграциялық бiрлестіктің стандарттарына анық сай келмейтін басқа елдердi мүшелікке қабылдаумен байланысты.

Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ құрылу-құрылмауына қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы екiжақты қатынастар бәрiбiр дами түспек және екi ел үшiн зор мағынасын сақтап қалатыны белгілі.

 

Экономика төңіргінде

Екатеринбург форумында екi елдер президенттерiнің кездесуі кезінде назар аударарлық оқиға орын алды. Владимир Путин Ресейге қазақстандық экспорттың өсу қарқыны Қазақстанға ресейлiк экспорттың өсіміне қарағанда жылдамырақ жүріп жатқандығын мәлiмдедi. Бұған Нұрсұлтан Назарбаев «бiздiң сарапшылар басқа мәлiметтерлер келтіреді» деп ескерту жасады. Бірқатар Қазақстандық телеарналар тек Путиннің айтқан сөзін көрсетіп, бiздiң президенттің ремаркасын қысқартып тастағаны да көңіл аудартады.

Тұтас еуразиялық интеграциядағы ең шиеленісті мәселе бұл – экспорттық-импорттық теңгерiм екені рас. Өз кезегінде, әдетте КО жұмыс нәтижелерiн бағалау кезінде жалпы тауар айналымының өсуi туралы айтылатыны белгілі. Бұл өте маңызды сәт, себебі егер экспорт пен импорт көрсеткіштерін бөлек есептесек, жағдай мүлдем басқаша болып көрiнедi.

Мысалы, Еуразиялық экономикалық комиссия сайтының мәлiметтері бойынша 2010 жылы Қазақстанның Ресейге экспорты 5,4[1] млрд. құрады. 2011 жылы ол 7 млрд-қа дейiн өссе, 2012 жылы 6,1 млдр-қа дейiн азайған. 2013 жылдың 8 айының нәтижесі бойынша экспорт 4 млрд. құраса, жылдық қорытынды шамамен 6 млрд. цифрды көрсетеді.

Сол уақытта, Ресейден Қазақстанға импорт 2010 жылы 12,5 млрд., 2011 жылы 16 млрд. және 2012 жылы 17,6 млрд-ты құрады. 2013 жылдың 8 айының қорытындылары бойынша Ресейден 11,1 млрд-қа тауарлар импортталған, бұл өткен жылға шаққанда 105,3% өсімді көрсетеді. Жыл қорытындысы бойынша импорт орташа есеппен 18,5 млрд-ты құрайды.

Яғни, ресейлік жеткізілімдер жалпы алғанда өспелі тенденция көрсетуде: 2010 жылы 12,5 млрд-тан 2013 жылы 18,5 млрд-қа дейiн. Өз кезегінде, Ресейге бағытталған қазақстандық экспорт азын-аулақ қана өскен: 5,4 млрд-тан 6 млрд-қа дейiн. Бұл статистика Кеден одағының жұмыс нәтижелерiн өте көрнектi түрде бейнелейді. Қазақстан және Ресей экономикаларының құрылымы ұқсас болуымен байланысты, ресейлiк импорттың өсуі, жергiлiктi қазақстандық бизнесті – көптеген өндiрушiлермен қатар, саудалық капитал мен қызмет көрсету саласының өкілдерін, бiртiндеп ығыстыра бастағандығын байқауға болады. Бұл ұсақ буржуазия ортасының өкiлдерi, сонымен қатар салық түсімдері барынша көп шоғырланған динамикалық салада жұмыс орындарының азаюына әкеледі.

 

Қорытынды орнына

Келесi кездесу, қазақстандық президенттiң ұсынысы бойынша, 2014 жылы Атырауда өтетiн болды. Сол сәтке дейін Қазақстанның ДСҰ-ға кiру мәселесі шешімін тауып қалады. Оған қоса, көктемде Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы мәселелері талқыға түсу керек. Алайда құжаттармен сындарлы жұмыс жүргізілмеген жағдайда асығыстық жасаудың қажеттілігі қанша? Бұл тізімге мiндеттi түрде экспорттық-импорттық теңгерiм туралы сұрақты да қосу қажет.


[1] Цифралар долларлық баламада көрсетілген


 (голосов: 3)




Президент РК

Экспертное мнение

 

Фонд Первого Президента РК, Институт мировой экономики и политики являются сегодня заметными участниками общественной и научной жизни Казахстана. О сути и принципах их работы рассказывают исполнительный директор фонда Сагындык НУРАХАНОВ и директор ИМЭП при Фонде Первого Президента РК Султан АКИМБЕКОВ.

 

Подробности: КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА

24 декабря 2013, 18:50


Все новости категории

Публикации

Понедельник 15 апреля 2013 года оказался печальным днем для мировой экономики. Теперь самое главное, чтобы он в итоге не стал бы отправной точкой начала длительного спада, о наступлении которого пессимисты говорят уже довольно долго.
Султан Акимбеков 
30 мая 2013, 14:25
Категория находится в разработке, информация готовится к публикации 
27 октября 2010, 20:26

Календарь событий

«    Июль 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 
Все новости сайта