Институт мировой экономики и политики
при Фонде Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации
Архив старого сайта с 2004 по 2010 гг. Алматы, Каз
C -1..-3
Курсы НБРК на
$
P
prodengi.kz
Поиск по сайту

Журнал "Казахстан в глобальных процессах"

Макроиндикаторы

Основные показатели социально-экономического развития Республики Казахстан за январь – март 2013 года
Итоги социально-экономического развития Республики Казахстан в январе-декабре 2012 года
Итоги социально-экономического развития Республики Казахстан за 2011 год

Наши партнеры





Еуразиялық интеграция қатысушы-мемлекеттерінің Минскідегі саммиті: келіссөздер барысындағы түйткілдер

12 ноября 2013, 16:45

Сарабеков Жұмабек, IWEP

 

Қазақстан ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің тұрақты қолдаушысы екені белгілі. Дегенмен, қарқын ала бастаған еуразиялық интеграцияәріптестер арасында қарама-қайшылықтар бар екендігін айқынкөрсетуде.

 

24-25 қазан аралығында Минскіде Кедендік Одақ (КО) пен Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) ұйымдарының жетекші органы – Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңес отырысы болып өтті. Мемлекет басшылары деңгейінде өткізілген Минскідегі кездесу еуразиялық интеграцияның соңғы жылдар ішіндегі тарихында алғаш рет келіссөздер үдерісінде әріптестер арасында шешілмеген мәселелер мен қиындықтар бар екендігін көрсеткендей.Атап айтқанда, КО мен БЭК институттарының қызметі, ұйымның кеңеюі және жекелеген серіктестердің кедендік саясатына қатысты Қазақстан тарапынан сыни ескертулержасалды.

 

Назар аударатын жайт, еуразиялық жобаның авторы мен негізгі қозғаушысы – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың интеграциялық үдеріске көңілі толмайтындығын ашық айтуы болды.

 

Минск саммитінің қарсаңында Астана позициясын алдын-ала анықтап берген оқиғалар орын алғанын атап өткен жөн.Кездесудің күн тәртібіне Армения мен Қырғызстан мемлекеттерін Кедендік Одаққа мүшелікке қабылдау мәселесі енгізілген болатын.Алайда, Арменияның КО-ға қосылуы төңірегінде көптеген сұрақтар туындайды.Ереван тарапынан Кедендік Одаққа қосылу жөніндегі мәлімдеме алдағы келе жатқан Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңес отырысында емес, Ресей және Армения Президенттерінің екіжақты кездесуі барысында жасалған болатын. Мұндай қадам қазақстандық және беларустық әріптестерде ең кем дегенде түсініспеушілік туғызуы тиіс еді.

 

Өз кезегiнде, Қырғызстанды КО-ға мүшелікке қабылдау, қырғыз экономикасының әзiрлiгi тұрғысынан, жақын арада мүмкін емес болып көрінеді. Ескеретін жайт, Кеден одағының кеңеюімен байланысты Беларусь пен Қазақстан бірыңғай ұстанымда болды – екi тарап та мүдделi мемлекеттердің мүшелiк ету үшін қажетті барлық критерийлерге, әсiресе экономикалық, сәйкес келулері тиіс.

 

Сонымен бірге, бірқатар ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында Сирияның Кеден одағына мүшелікке етуге ниет білдіргендігі туралы[1], бұл жөнінде ресейлiк әріптестермен келiссөздердiң аяқталғандығы және Мәскеудiң Сирияның КО-ға кiруiне қолдау көрсететіндігі туралы ақпараттың пайда болғандығын атап өткен жөн. Бұл ретте, Сирияның еуразиялық құрылымдарға қабылдаудың экономикалық тұрғыдан жөнсіздігі көзге анық байқалады – ең кем дегенде, ортақ кеден шекараларының жоқтығы мен өзара сауданың аса төмен деңгейін (РФ пен Сирия арасындағы тауар айналымы 2011 жылы 2 миллиардқа жақындады, бұл КО елдерiнiң арасындағы тауар айналымы көлемінің бар болғаны 3%-н құрайды[2]) алсақ та.Бiрақ, Ресейдiң соңғы кездегі Таяу Шығыстағы сыртқы саяси акциялары тұрғысынан мұндай қадамға таң қалуға болмайды, және бұл Қазақстан және Белоруссия тараптарымен Мәскеу үшiн геосаяси мәнге ие әрекет ретінде бағаланды. Бұл, өз кезегінде, дербес және тәуелсiз бейбiт сыртқы саясат қағидаттарын ұстанатын Астананың мүдделеріне жауап бермейтіндігі түсінікті. Кеден Одағына Оңтүстiк Осетияны қабылдау мәселесін де осы тұрғыдан қарастырған жөн[3].

 

Жалпы алғанда, қазақстандық тараптың наразылық білдіруінің негiзгi себептері Минсктегі кездесу барысында мемлекет басшысымен ашық айтылды. Президент Н. Назарбаев өз әрiптестерiн интеграциялық институттардың тиiмсiз қызметiне көңіл бөлуге шақырды.Осылайша,ол мақсаттары және қызметі жағынан Кеден Одағына жақын келетін ЕурАзЭҚ-ты (Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық) тарату туралы ұсыныс жасады. Өткен жылы ұқсас ұсыныс ресейлiк тараптан түскендігін атап өту керек. Бiрақ ол кезде, бұл идея басқа мәнмәтінде айтылған болатын: ЕурАзЭҚ-ты таратудың мақсаты келесi 2013 жылы Экономикалық Одақ құру қажеттілігімен байланыстырылған еді. Аталмыш ұсыныстың мерзімсіздігі оның қабылданбай қалуына бірден-бір себеп болды. Өз кезегінде, Астананың минскілік бастамасы интеграциялық құрылымдар жұмысын оңтайландыру тұрғысынан толықтай қисынға ие.

 

Одан әрi, Қазақстан Президентi Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жұмысының орынсыз саясиландырылатынын атап өтті.Бөлінетін қаражатпен күшинтеграциялық процестерді тереңдетуге ысырап етіліп, бастапқы қойылған мiндеттер шешімін таппауда.Оған қоса, ресейлiк ЕЭК алқа мүшелері РФ үкiмет отырыстарына қатысатындықтан, мүдделер қақтығысы орын алатындығы туралы да сөз қозғалды. Дегенмен,ұлтүстi реттеуші орган ретінде Комиссия мүшелерiнің жұмыс қағидаты олардың өз үкiметтерінен тәуелсіздігі болу керек. Әйтпесе, тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау мәселесі күмән туғызары анық.

 

Бұл жағдайда Қазақстан ЕЭК өкiлеттiктерiн кеңейту туралы немесе жаңа ұлтүстi құрылымдар құру туралы ұсыныстарды талқылауға әрине дайын емес. Алайда, аталған үдеріс анық тездетілуде.Қыркүйек айында ЕЭК Комиссиясы Ортақ қаржы нарығын қалыптастыру туралы келiсiм, сонымен қатар Уәкiлеттi құрылымдар арасында ақпаратпен алмасу туралы келiсiмдайындап шығарғандығы туралы ақпарат пайда болды. Соңғысына сәйкес, «бiр елдiң қаржылық реттеушiсi (регулятор) басқа елдiң қаржылық реттеушiсінің сұрауы бойынша нарыққа қатысушы туралы толық, соның ішінде құпия ақпарат беруге мiндеттеледі».Оған қоса,мемлекеттiк думада, кезектi рет, Еуразиялық парламентқұру қажеттiлiгі туралы ойлар айтыла бастаған еді[4].

 

Сондай-ақ мемлекет басшысы серiктестер арасындағы өзара саудада қалыптасқан жағдайға наразылық бiлдiрді, себебі бұрынғысынша қазақстандық өнiм үшін Ресей және Белоруссия нарықтарына айналымға түсуі қиындатылған күйі қалуда. Бастапқыда Кеден одағына қосылуды жақтаушы басты дәлелдерiнiң бiрi ретінде мүше-мемлекеттер үшiн тауарларды өткiзу нарығының кеңеюi келтірілген еді. Алайда, іс жүзінде керісінше.Қазақстандық экспортшылар үшiн техникалық реттеу, санитарлық және фито-санитарлық талаптар мен басқа да тарифсіз кедергiлерді қоса алғанда, ресейлiк және белорус нарығына жетудегі басты тосқауыл ретінде өз орнын сақтауда. Сол уақытта Қазақстанға тауарлар еш қиындықсыз әкелінеді, бұл өз кезегінде ҚР сауда балансының терiс өзгерiсінен көрініс тапты.Н. Назарбаев атап көрсеткендей, БЭК елдерінен Қазақстанға импорт үлесі оның жалпы көлемi бойынша 2009 жылы 32%-дан 2012 жылы 40%-ға дейiн өсім көрсетті.Ал осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанға ресейлік импорт 11,1 млрд. долларға жетсе, Ресей Федерациясына бағытталған қазақстандық экспорт барлығы 4,1 млрд. доллар құрады.Белоруссиямен саудада импорт 397,1 млн. доллар, экспорт көлемі – 45,5 млн. доллар. Өткен жылғы қаңтар-тамыз айлары ішіндегі көрсеткiштермен салыстырғанда ресейлiк импорт 5%-ға өсіп, ҚР экспорты 1%-ғакеміген.Белоруссияға байланыстытауарлар импорты4%-ға төмендеген, бірақ қазақстандық экспорт30%-ға азайған[5].

 

Оған қоса, бүгінге дейін 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы тиіс Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнаймен айырбас механизмі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. Сонымен қатар, бұл бағыттағы келiссөздер 2011 жылдан бастап жүргiзiліп келсе де, Қазақстан әлі күнге дейін Ресей аумағы арқылы Беларусьқа электр энергиясын бәрібір экспорттай алмауда.

 

Бұл ретте, әзiрше қол жеткiзілген келiсiмдер жүзеге асырылмайынша, әрi қарай қозғалу мүмкiн емес дегенге келіп саятын қазақстандық тараптың позициясы тек қана әдiл емес, сонымен қатар еуразиялық интеграцияның өмiршеңдiгi үшін өте маңызды да. Өз кезегінде, бұл пікір ескерусіз қалмағандығын атап өту керек. Нәтижесінде, Минсктегі отырыстың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы келiсiмнің дайындалу формуласын өзгерту туралы, атап айтқанда тараптар арасындағы өзара саудада шектеулерді (изъятия во взаимной торговле) сақтау туралы қаулы қабылданды. Ертеректе жоспарланғандай, «үштік» елдері ЕАЭО құру сәтіне «ешқандай шектеулерсіз» формуласы бойынша кірісулері керек болатын. Қазан айындағы келiссөздердi нәтижесінде, тараптар экономикалық одақты құру мезетіне қарай белгiлi шектеулерді сақтай отырып, оларды аталып өткен мерзiмдерде бiртiндеп жоюға келісті. Іс жүзінде бұл, қандай да бір өтпелi кезеңніңмүмкін болғандығын білдіреді.

 

Ресей өз экономикасының ауқымдары мен әлеуетін ескере отырып, өзара саудада шектеулердi толық алып тастауға барынша мүдделі екендігі белгiлi. Сондай-ақ Беларусь те «бүгiннен бастап шектеулерсіз жұмыс iстеуге» дайын екендігін бiлдiрген-ді. Бұл таң қаларлық жайт емес – Қазақстанға қарағанда Беларусь РФ-қа экономикалық тәуелдi болып көрінеді.

 

Дегенмен, саммит барысында бірқатар сұрақтар бойынша Қазақстан мен Беларусь позицияларының сәйкес келетiндігі байқалды. Бұған байланысты Астана мен Минск үшін «сағаттарын салыстыруға» мүмкіндік туғызған, А.Лукашенконың қазан айының басындағы Қазақстанға сапарын атап өткен жөн.Интеграцияның тереңдеуі және кеңеюі мәселелері бойынша пiкiрлер ұқсастығы, сонымен бірге нашарлай түскен ресей-белорустік қарым-қатынастар екі жаққа бірыңғай позиция ұстануға себепкер болуы әбден ықтимал.

 

«Еуразиялық үштік» лидерлерiнің кездесуін ең алдымен алда тұрған Еуразиялық экономикалық одақ құру мәнмәтінінде қарастырған жөн. Белгiлi болғандай, 2014 жылдың мамырында экономикалық одақ туралы келiсiмшарт жобасын жасалынып, үш елдің заң шығарушы органдарына оны ары қарайратификациялау үшiн ұсынылады. Осыған байланысты, мемлекет үшін алдағы экономикалық ынтымақтастықтың тиiмдi шарттарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның ұлттық мүдделерін нақтылы түрде көрсету қажеттілігі туындайды.

 

Сол уақытта, қазақстандық тараптың айтарлықтай күтпеген позициясы интеграциялық үдерістерді орынсыз жылдамдату тенденциясына керi реакция ретінде санауға болады, атап айтқанда, КО және БЭК ұлтүстi институттарының өкiлеттiктерiн кеңейту, сонымен қатар жаңа мүшелердi қабылдау саясатымен байланысты. Соңғы мәселеде Кремльдiң еуразиялық жобаға геосаяси сипат беру ниетін анық байқау қиын емес.

 

Бұл жағдай, интеграция мәселелеріндегі басты түйткілді сұрақтан хабар беретіндей – интеграциялық жобаға деген көзқарастардың айырмашылығы.Егер Қазақстан үшiн бұл барлық мағынада тек экономикалық бiрiгу болса, Ресей Федерациясы үшiн Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк көбiнесе геосаяси жоба, Белоруссия үшiн бұл ұйымдарға мүше болу, қанша парадоксалды болмасын, бірақ «тірі қалу» мәселесімен байланысты.

 

Бір жағынан, еуразиялық интеграция бағыты бойынша Қазақстан позицияның түбегейлi өзгеруi туралы сөз де болған жоқ. Республика ЕАЭО туралы келiсiмге қол қоятындығын растады. Екінші жағынан, Минсктегі кездесу көрсеткендей, қазақстандық тарап өз мүдделерін қорғау қажет болған жағдайда, ыңғайсыз сұрақтар қоюға және келіссөздер үдерісінде шиеленіс тудыруға әбден қабілетті.

 

Біздің ойымызша, қол жеткiзген келісімдерді адал, әрі сапалы түрде орындау мен интеграцияны тереңдету және кеңейту бойынша шешiм қабылдау кезінде экономикалық мақсаттылық қағидатын ұстануға баса көңіл бөлу, қорытындысында, ең ұтымды келіссөздер жүргізу тактикасына айналды. Дегендей, саудада достық жоқ.

 


[1] Syrian Vice Prime Minister gives interview to Pravda.Ru // http://english.pravda.ru/world/asia/18-10-2013/125944-syrian_vice_prime_minister_pravda_ru-0/

 

[2]Сирия сделала шаг в ЕврАзЭС // http://www.pravda.ru/world/asia/middleeast/28-05-2012/1116359-siriya_evrazes-0/

 

[3]Южная Осетия просится в Таможенный союз // http://finance.obozrevatel.com/analytics-and-forecasts/14362-yuzhnaya-osetiya-prositsya-v-tamozhennyij-soyuz.htm

 

[4]МИД трех стран подготовили проект Договора о создании Евразийского экономического союза // http://www.itar-tass.com/c1/907088.html

 

[5]Агентство Республики Казахстан по статистике. Внешняя торговля. 2013 // http://www.stat.kz/digital/vnesh_torg/Pages/default.aspx

 


 (голосов: 3)




Президент РК

Экспертное мнение

 

Фонд Первого Президента РК, Институт мировой экономики и политики являются сегодня заметными участниками общественной и научной жизни Казахстана. О сути и принципах их работы рассказывают исполнительный директор фонда Сагындык НУРАХАНОВ и директор ИМЭП при Фонде Первого Президента РК Султан АКИМБЕКОВ.

 

Подробности: КАЗАХСТАНСКАЯ ПРАВДА

24 декабря 2013, 18:50


Все новости категории

Публикации

Понедельник 15 апреля 2013 года оказался печальным днем для мировой экономики. Теперь самое главное, чтобы он в итоге не стал бы отправной точкой начала длительного спада, о наступлении которого пессимисты говорят уже довольно долго.
Султан Акимбеков 
30 мая 2013, 14:25
Категория находится в разработке, информация готовится к публикации 
27 октября 2010, 20:26

Календарь событий

«    Май 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 
Все новости сайта